«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Өскеменде үш бірдей мектептің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Игі бастама мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін іске асты. Қазіргі таңда Увалиев көшесінде орналасқан білім ордасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылды.
Увалиев көшесінде орналасқан мектеп толықтай керек-жарақпен қамтылды. Алдағы уақытта мұғалімдер іріктеліп, келесі тоқсанда оқу ордасы пайдалануға берілмек. Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша мұғалімдер конкурс арқылы жұмысқа қабылданады.
Оқу ордасы 600 орынға шақталған. Білім ошағында асхана,STEM зертхана, домбыра, информатика, технология кабинеттері бар. Балаларды қабылдау келесі тоқсанда, яғни қаңтар айында жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар аяқталған соң мектеп қолданысқа беру көзделген.
Облыста 2025 жылдың аяғына дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4200 орындық 10 мектеп салу көзделген. Оның бесеуі өскеменде үшеуі Глубокое және Шемонайха ауандары мен Риддер қаласында бой көтереді.