Облыс орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Марқакөл мен Күршім аудандарының шаруалары тұрғындарға табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін маңызды.

Жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасы қалың. Қос аудан жәрмеңкеге 13 тоннаға жуық ет, сүт өнімдерін, балықтың түр түрін, 500 келі бал әкелген.

Жәрмеңкеге келушілер балғын өнімдерді нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Апта сайын өткізілетін игі дәстүр халықты арзан азық-түлікпен қамту үшін қабылданған оңтайлы шешім дейді, жәрмеңкені аралаған қала әкімі. Жәрмеңкеде әркім өзіне керегін тауып, жиналған жұрт риза болып тарқасты.