Ақтауда болған ұшақ апатынан 29 адам аман қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың екеуі – бала. Ал, Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, бортта 6 қазақстандық, 37 Әзербайжан, 16 Ресей және 3 Қырғызстан азаматы болған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар, дәрігерлер тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін Астанадан дәрігерлер жіберілді. Оқиға орнында қазір 23 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр. Мұны Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы жолаушылар ұшағы құлаған бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақтың құлаған сәтін куәгерлер түсіріп алған.

"ЭмбРайр190" әуе кемесі Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер тобы жұмыс істеп жатыр. Ұшақ апатынан қаза тапқандар бар. Ресми ақпарат кейінірек жарияланады.