Облыс аумағында 23-28 шілде аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Профилактикалық шара аясында автобустың техникалық жағдайы мен заң талаптарының сақталуы тексеріледі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ең жиі кездесетін мәселе – қосымша отыратын орындарды қосу мен автобустарды қайта жабдықтау жағы. Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау ережелерін өрескел бұзу фактілері тағы бар.
Шара аясыда Өскемен қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері, эколог мамандармен бірге автобус жүргізушілерінің жай-күйі мен құжаттарына тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен зиянды қалдық мөлшері де қатаң бақылауға алынған. Мамандар тексеріс барысында көліктен зиянды қалдықтардың шектен тыс мөлшерде шығу фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 334-бабының 1-тармағы бойынша хаттама да толтырып үлгерген.