Аймақта мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, жеке кәсіппен айналысып отырған отбасылар көп. Солардың бірі – Наталья Свахина. Ол өткен жылы 8 млн 600 мың теңге көлемінде төмендетілген пайызбен несие алып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Табыстың көзін тапқан жанмен әріптесім тілдесіп қайтты.
Кәсіпкер Наталья Свахина бұл жерге бір қарағанда ғашық болдым дейді. Себебі, табиғаттың мұндай сұлулығына тамсанбай қарамау мүмкін емес. Мұнда салынған үйлер де қала жұртшылығы мен басқа аймақтардан келетін туристер үшін өте жайлы. Барлығы еуропалық стильде жасалған.
База аумағында жайлы коттедждерде қонақтарға қолайлы жағдай жасалған. Тіпті экологиялық таза ауыл өнімдерінен жасалған ас мәзірінде түрлі тағамдар ұсынылған. Сонымен қатар демалыс орнының маңында монша да бар.
Әрбір кәсіпкердің жұмысының жемісі - әрине келушілердің көңілінен шығу. Қазіргі таңда бір қуантарлығы өңірге әлемнің түпкір-түпкірінен келіп жатқан турситердің күн санап артуы. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта жобаға тағы қатысып осы жердің инфрақұрылымын жақсартпақ.