Мемлекет басшысы экономикалық өсуді жүзеге асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жайында жергілікті атқарушы билік өкілдеріне біршама міндетті жүктеген еді. Бұл бастама облыста қарқынды. Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар, ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен үй-жайы апаттық жағдайда тұрғандар үшін пәтер кезегіне тұру мүмкіндігі мол. Жалпы, кезекке тұру үшін не қажет? Әріптесім біліп қайтты.
Бүгінде Өскеменде тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 12 500 адамды құрайды. Барлығы көптен күткен пәтерлерін алу үшін жылдар бойы кезекте тұруға мәжбүр. Осыған байланысты тиімді шараларда қабылданып келеді. Бұл туралы ең алдымен халықтың пікірін біліп көрдік.
Кезекке тұру үшін қолыңызда электорнды цифрлы қолтаңбаңыз болса болғаны. Сол арқылы Kezekte.kz сайтына өтінім беріп, кезекке тұра аласыз. Ал, пәтеріңіз тиісінше кезегіңіз келген кезде берілетін болады. Осы тұста, мекеме басшысы алаяқтардан абай болу керек екенін баса айтты. Кез-келген ақпаратты орталыққа келіп арнайы мамандардың көмегімен тіркеген жөн дейді.
Сондай-ақ, өңірде жүзеге асырылып жатқан «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы әсіресе, аудандық тұрғын үй мәселесін шешуге оңтайлы септігін тигізіп жатыр.
Құрылыс саласының жұмыс көлемінің өсуіне «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары да әсер етуде. Мәселен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 36 медициналық нысан құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда 35-інің құрылысы аяқталған.