Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қыста да жалғасын табуда. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері осы акция аясында Қалжыр орта мектебінде экологиялық шара өткізді. Мектеп оқушылары қорық қызметкерлерімен бірге Сібір шыршасын отырғызды.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара оқушылар арасында экомәдениетті қалыптастыруды көздейді. Акция аясында олар шырша тұқымын егу мен оны күтіп ұстау ережелерімен танысты. Нәтижесінде оқушылар 200-ге жуық тұқым дақылдарын дайындады.
Ал наурыз айында Марқакөл қорығы «Саябақтар шеруі-2025» акциясын өткізеді. Жыл сайын өтетін бұл шараның мақсаты - тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.