Өтен жылдың қазан айында жол қозғалысы туралы заңға өзгерістер енгізілген болатын. Енгізілген түзетулерге сәйкес, биыл 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралы санатына жатқызылады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте полиция департаментінің қызметкерлері айтты.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер жол бойыындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Енді бесінші сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтерді пайдалауға және оны жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеуге тыйым салынады.
Өңірдің тәртіп сақшылары мопед иелерін алдын ала тіреуден өтуге шақырды. Себебі, тіркеуден өтпеген көлік құралын басқарғаныңыз үшін айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Мопедті басқару үшін енді азаматтар А1, А және B санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет. Бүгінгі таңда облыс бойынша 10 мопед иесі тіркеуден өткен.