Қорқыт баба есімімен байланысты қобыз аспабының қазақ үшін алар орны ерекше. Бір кездері жойылып барып, қайта жанданған ұлттық аспаптың дәріптелуіне атсалысып жүрген өнерпаздар аз емес. Ислана Мамутова солардың қатарында.
Жеті жасынан осы киелі аспапты серік еткен Исалана Мамутова. Қобызбен қоса қазақ тіліне де жатық. Әуелі қазақша балабақшаға барса, мектепті де мемлекеттік тілде бітірген. Отбасы да өнерге жақын адамдар.
Бес жылдан артық қобыздан сабақ беріп келе жатқан Ақжол Есімхановтың алдынан талай шәкірт түлеп ұшқан. Олардың біразы жоғарғы оқу орнын тәмамдап, білімін әрі қарай жалғастырса, бірқатары жеке шығармашылығымен айналысып жүр.
Ислана Мамутова қобыз аспабы мен қатар фортепианоны да меңгерген. Ол болашақта мықты маман болу үшін қазақтың тарихы- дәстүрі және тілін білу міндетім, деп санайды. Қатарластарын да осыған үгіттейді.