Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойған болатын. Отбасының берекесін алып, әйелі мен бала-шағасына қол көтергендерге қатысты жаза қатаңдатылды. Елдің әр аймағында заң талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр. Өскеменде осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында бас қосқан мамандар әйел мен бала құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі деген пікірде.

Дөңгелек үстел отырысына әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері, «Аманат» партиясының әйелдер қанаты өкілдері, облыстық адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен кәсіподақ бірлестіктерінің төрағалары қатысты. Шара аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 сәуір күні қол қойған заңға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған.

Балаларға қатысты жасалатын қылмыстың санын азайту және әйел құқығы, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның күшіне енуі уақытында қабылданған шешім дейді жиналғандар.

Жиын соңында Аманат партиясы мен облыстық кәсіподақтар Орталығы арасында өндірістегі еңбекші әйелдер мәселелері бойынша ынтымақтастық және ұсынымдар әзірлеу туралы Меморандумға қол қойылды.

Ұжымдағы әйел құқығын қорғау, оларға лайықты еңбек жағдайын жасау маңызды. Ал осы мәселелерді бір жақты қылуға екіжақты меморандумның тигізер әсері мол..