Өз ісінің нағыз маманы, сауатты, іскер әйелдер қоғамда әрдайым жоғары беделге ие. Ерлермен иық теңестіре абыройлы еңбек етіп, өздерінің нәзік, табиғи қалыптарын сақтап қалған бұрымдылар жетерлік. Солардың бірі – Гүлнар Рахымжанова. Ол – облыстық жедел жәрдем станциясында еңбекті қорғау қызметінде жұмыс істеп, жоғары жетістерге қол жеткізген.

Гүлнар Рахымжанова ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясының еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы. Оның еңбек жолы 1984 жылы басталды. Осы уақыт аралығында әскери, медицина саласында қызмет етті. Тек зейнет жасында ғана осы қызметке келген. Өз саласының маманы білім мен тәжірибесінің арқасында кез келген ұжымда жетістіке жетуге болады дейді.

Ісіне берік, жұмысына тиянақты маманға әріптестері ерекше құрметпен қарайды.

Медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Гүлнар Рахымжанованың ерен еңбегі еленіп, басшылық тарапынан көптеген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.