Облыс аумағында қар еріп болғаны міне ғана, дегенмен құтқарушылар ондаған қоқыс пен қураған шөптің өртену фактілерін тіркеген. Көбінесе өрт ашық жерлер мен саяжай қоғамдастықтарында болады. Өскеменде жыл сайын қыстан кейін екі жүзге жуық рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары анықталады. Жақсылық Омар аймақ басшысы Ермек Көшербаевпен қаланы аралау кезінде осылай деді. Аралау Жаңа Соградағы саяжай кооперативінен басталды.

Қураған шөп, қоқыс, құрылыс қалдықтары, бітелген, тазаланбаған арықтар. Мұның барлығы сөндіруге қиындық туғызатын өрттің себептеріне айналуы әбден ықтимал. Сәуір айы басталғалы өрт сөндірушілер қураған шөп пен қоқыс үйінділерінде шыққан қызыл жалынды өшіруге 90 рет шыққан.

ТЖД халыққа жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Төтеншеліктер тарапынан профилактикалық рейдтер жалғасуда. Осындайда, заңсыз қоқыс полигондарымен күресу үшін заңнаманы қатаңдату қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Қыстан кейін жол бойында да қоқыс көп. Мысалы, мына жер Интернациональная көшесінің аумағы. Жыл сайын көктемде 200-ге жуық осындай заңсыз қоқыс үйінділері табылады. Тазалық жұмыстарымен «Таза Өскемен» ұйымы айналысады. Облыс әкімі Ермек Көшербаев қала әкіміне қоқыс үйінділерімен проблеманы жедел шешуді тапсырды. Экологиялық мәдениетті ерте жастан тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

ТЖД мәліметінше облыста қауіпті кезең басталғалы бері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірде өрттің алдын алу үшін 239 адамнан тұратын 40 мобильді топ құрылған. Топ құрамына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, полицейлер, орманшылар кіреді. Мобильді топтар қазірдің өзінде 58 профилактикалық рейд жүргізіп үлгерген.