12 қыркүйек жергілікті әскери басқару органдары күні. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жалпыға жеткізу мен атаулы күнге орай әскери қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ, шараға әскерге шақырылушылар, қарулы күштер ардагерлері де куә болды. 

Ұлттық әскери орталығы бүгін Өскемен қаласында өз өнерін көрсетуде. Аталмыш шара қазақстан қарулы күштерінің 30 жылдығына және күзгі шақыру науқанына орай ұймдастырылған. 

Кеш барысында қатардағы жауынгер Ержан Медетұлы «Үздік жауынгер» марапатына ие болып қана қоймай, 10 күндік демалыс алды.   Үздік сарбазды жауынгерлік, құқықтық дайындық және ынтасы мен тәртібіне қарап анықтаған. 

Жиналған халық ұлттық әскери патриоттық орталықтың жанынан құрылған ансамбльдың өнерін тамашалады. Тағлымды кештің мақсаты – әскери сала құндылығын арттыру, сондай-ақ жастар бойындағы отансүйгіштік сезімін ояту.