Өскеменде ҚР Парламенті сенатының ұйымдастыруымен шахматтан ашық турнир өтті.Ел бойынша бір уақытта басталған турнирге үш мыңға жуық азамат қатысты. Қатысушылар арасында мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері бар.

Өскеменде өткен турнирге 100-ден астам қатысушы тіркелді. Ойын швейцариялық жүйе бойынша өтті. Ең алдымен қатысушылар өзара кім мықтыны анықтады. Ал үздік атанғандар жартылай финалда облыс намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Шахмат ойыны шығыста қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел, жылда ұйымдастырылатын сайысқа қатысушылар санының артуы.

Зайсан ауданынан келген Тұрсынхан Молдахановтың бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 15 жылдан асқан. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы шахмат ойынының денсаулыққа пайдасы мол дейді.

Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен азаматтар, республикалық сайысқа жолдама алады. Ал ол үшін 25 адамнан тұратын команда жасақтау міндеті тұр.