Глубокое ауданы тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Олар бекітілген аумақты абаттандырып, айналаны қоқыстан тазартты. Сенбілікке 200-ден астам адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға арна тілшілері барып қайтты.

Бұл сенбілік өзгелерден ерекше. Бірнеше топқа бөлінген азаматтар аудан әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған сайыста бақ сынасты. 25 ұйым өздеріне берілген аумақты мұнтаздай етті.

Жас ұрпақты туған жерді қастерлеуге шақыру қажет. Олар мұндай іске бала кезден қатысуы керек, дейді мектеп ұстаздары.

Байқауда «Тазалық сапасы», «Сапалы ролик», «Шығармашылық және жаппай жұмылдыру» номинациялары бойынша өтті. Акция аясында үздік атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.