Шемонаиха ауданында көктемгі егіс жұмыстары аяқталуға жақын. 3800 гектар жерге күздік дақылдар – қара бидай мен бидай егілді. Жергілікті диқандар қазіргі егіс көлемі 138 мың гектарға ұлғаюы керек деп болжам жасап отыр. 

Биыл Шемонаиха ауданында егіс жұмыстары оңтайлы уақытта, әдеттегідей сәуір айының үшінші онкүндігінде басталды. «Сугатовское» ЖШС мамандарының айтуынша, қазіргі кезде аудан бойынша 94 гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл көрсеткіш жоспарланған меженің 73 пайызын құрайды.

Ауданның егіс алқаптарына дикандар жаздық бидай, арпа, жүгері, күнбағыс, қарақұмық және сұлы егеді.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары Шемонаиха ауданының ауылшаруашылық әлеуеті зор, дейді.

 «Сугатовское» ЖШС заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол құрылғылар сұйық азотты тыңайтқыш карбамидті-аммиак қоспасын дайындауға мүмүкіндік береді. Бұл тыңайтқыштар өнім өнімділігін көбейтуге септігін тигізеді.

Мамандар қазіргі ауа райы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қолайлы болғандықтан күзгі өнім мол болады деген болжам жасауда.