Өскемен әкімі Жақсылық Омар облыс орталығындағы үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігерлерге жүктелген міндетті сапалы орындау қажеттігі ескертілді. Биыл Өскеменде 38 үйдің қасбеті жөнделеді.

Назарбаев даңғылында мердігер ұйымдар өз жұмысын бастап кеткен. Қала әкімінің сөзінше көп қабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан бизнес орталықтың басшыларымен белсенді жұмыс жүргізу қажет. Олар өздеріне берілген нысанның сыртқы келбетін келісті қылып, ретке келтіруі керек.

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Танекеновтың сөзінше қазір қателіктер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қасбеттерге жүргізілген сапасыз жұмыстарды ретке келтіру жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, Бажов көшесіндегі жеке сектор бірыңғай стильде болмақ.

Барлық жұмыс кестеден кешікпей жүргізіліп жатыр. Қазіргі қарқыннан қалмаса шілде айында аяқталады деп отыр жергілікті билік өкілдері.