Риддерде 600 орындықтық мектептің құрылысы қарқынды. Білім ошағын салуға 5,5 млрд. теңге қарастырылған. Таяуда аймақ басшысы
Ермек Көшербаев атқарылған жұмыстың сапасын бақылау үшін құрылыс алаңына арнайы барды.
Мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатыр. Ал бұған дейін оқушылар білім алған нысанды өзге мақсатта пайдалану көзделіп отыр. Дегенмен, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бастаманы іске асырмас бұрын, ескі ғимаратты жөндеу қажеттігін жан-жақты сараптауды тапсырды. Бұдан бөлек, облыс әкімі мұнда келетін ұстаздарды тұрғын үймен қамту мәселесі қарастырылып жатқандығын жеткізді.
Құрылыс жұмыстарын аяқтау тамыз айына жоспарланған дейді, жергілікті билік өкілдері. Аудандағы игілікті іс мұнымен аяқталып қалмақ емес. Аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі - «Казцинк»ЖШС биыл 600 орындық «Шаңырақ» мектебінің құрылысын бастамақ. Ал оның маңайында балғындарға арналған спорт нысанын салу керек, -деді өңір басшысы.
«Шаңырақ» мектебінің жобасы дайын. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, аймақтағы 162 мектепті интернет желісімен қамту жоспарланған.