1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Ауа райы тосын мінез танытса да, өскемендіктер сол жағалаудағы саябақта мерекені атап өтті. Саябаққа достық үйіндегі этномәдени бірлестік өкілдері, түгелдей жиналды. Шараға облыс әкімі Ермек Көшербаевта қатысты.

Аймақ басшысы барлық шығыс қазақстандықтарды бірлік мерекесімен құттықтады. Обылс әкімі өз сөзінде, бұл күн ел үшін бейбітшілік, достық пен келісімнің бейнесіне айналды. Ол халқымыздың басты адамгершілік құндылықтары - патриотизм, бірлік, жақсылық пен әділеттілікке деген ұмтылысты көрсетеді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз - рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, халық бірлігі мен елдегі тұрақтылықты сақтау және нығайту, деді. Бірінші мамырда неміс халқы қос мерекені атап өтеді. Бұл күні олар табиғат мерекесін тойлайды.

Қала тұрғындары облыс аумағында тұратын түрлі халықтардың мәдениетімен танысты. Этно ауылдағы үйлерді аралап, бұрын түрлі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін көрді.

Сондай-ақ, бірлік күні облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен ҚХА-ның 33-ші сессиясы талқыланды. Біздің өлкеміз әрқашан достық қарым-қатынаста болды, біздің байлығымыз - бірлікте. Мұны бағалаған жөн, - деп атап өтті өңір басшысы.