Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен су арнасына» барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. 1977 жылы бой көтерген мекеменің су өткізу мүмкіндігі тәулігіне 103 мың текше метрді құрайды. Алдағы уақытта бұл қуаттылықты 137 мың текше метрге дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл қажеттілік жаңа шағын аудандардың көптеп салынуынан туындаған.

Елдегі кәріз –тазарту құрылыстарының алпыс пайызы ескірген. 2028 жылға дейін 68 қалада кәріз –тазарту құрылыстарын салу немесе қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тізімде Өскемен де бар. Себебі облыс орталығының тұрғындары қолқаны қабатын жағымсыз иіске жиі шағымданады. Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, бұл іске білікті мамандарды тартып, цифрлық платформа құру қажет.

Өңірдегі кәріз-тазалау құрылысын харықаралық сарапшылар да келіп тексерген. Бұл нысанды жаңығртуға арналған жобаны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық бөлімі әзірлеп жатыр. Себебі, нысанды жаңа кейіпке келтіру уақыт талабы.

Мамандардың айтуынша, нысан 2025 жылы жаңғыртудан өтеді.