Өскеменде мектеп оқушылары расында ұйымдастырылған Республикалық білім сайысы мәресіне жетті.Тарих және құқық негізеді пәндері бойынша ұйымдастырылған додада 10-11 сынып оқушылары бақ сынады.Сайысқа екі жүзден астам оқушы жиналды.

Сайысқа қатысшуылардың дені түрлі білім додаларында топ жарып үлгерген. Республикалық олипиадаға жиналғандардың арасында Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп лицейінің оқушысы Аружан Сейітова да бар. Ол бұл жолғы сында үшінші орынға табан тіреген.

Ал Қызылордадан келген Жанай Қалданқызы үшін бұл алғашқы сайыс емес. Ол бұған дейін де бірнеше олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанып үлгерген. Жас дарын қажырлы еңбек пен төккен тер зая кетпегенін айтады. Себебі, биыл ол Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің грант иегері атанды.

17 наурызда басталған республикалық олимпиада биыл жаңа форматта ұйымдастырылды. Білім сайысының жалауын қабылдаған 5 қалаға әртүрлі пән берілді. Олимпиада шымылдығы Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай қалаларында ашылса, қорытынды кезең Өскеменде өтті.

Қазылар алқасы сайыстың әділ өтуіне бар жағдай жасалды деп отыр.Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.