ШҚО Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің департамент басшысы Серік Саятовтың қатысуымен "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары" тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. Жиналысты ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараның маңызы зор. Өйткені, тұрғындар елдегі өзгерістер мен жаңалықтарды дұрыс түсініп, тану керек.

ҚР Президенті биыл 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жұмыссыздық проблемасын шешу және еңбекке қабілетті 10 мың халыққа 100 жұмыс орнын құру жөнінде нақты міндеттер қойған еді. Шығыс Қазақстанның Жұмыспен қамту органдары бұл бағытта мол жұмыс атқарды. Осы жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.  
 

ҚР Президенті өзінің 1 қыркүйектегі жолдауында жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қазіргі жағдай бойынша ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды. Оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,7% құрап отыр. Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының жаңа көші-қон саясаты мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде қазіргі заманның туындайтын сын-қатерлерін ескере отырып, адами капиталды басым дамыту және нығайту мақсатында көші-қон процестерін басқаруды жаңғыртуға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 16 қыркүйектегіжағдай бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлікквотасына 330 адаменгізілді, оныңішінде: қоныс аударушылар – 267адам, қандастар - 63 адам. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын таппақ.