Өңір ірі кәсіпорындар шоғырланға аймақ болғандықтан адам өмірі басты назарда. Бұл ретте өндірісте еңбек қауіпсіздігін сақтау. Еңбеккерлерге лайықты жағдай жасау және орын алатын жазатайым оқиғалардың қатарын азайту маңызды. Бұл ретте әр кәсіпорын не болмаса өндірісте еңбюек ететін техника инспекторларының жұмысын да атап өту маңызды. Бүгінде облыста 2000-ға жуық техника инспекторы түрлі салада еңбек етеді. Ал осы салаға жаңа инновацияларды еңгізу күн талабы.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында облыстық кәсіподақ орталығы аумақтық кәісподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен ауқымды шара өтті. Өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдері бас қосқан шара барысында еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету еңбек адамына лайықты жағдай жасау жайы айтылды.

Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясында атқарылған жұмыс нәтижесі қорытындыланды. Мәселен өткен жылы өндірісте жарақат алу жағдайы 33,8 пайызға азайған.

Біз кәсіпорындарға әсіресе еңбең қауіпсіздігіне қатысты бизнес жобамызды жүзеге асырып, қолданысқа енгізудеміз. Осы өңірдегі компанияларға да өз қол ұшымызды беруге тырысамыз.

Осы салаға жаңа технологияларды енгізу жұмысты одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді. Кез келген жағдайдың алдын алып, еңбек қауіәпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын соңында осы салада табысты еңбек еткен қызметкерлер арнайы грамоталармен марапатталды.