«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Экологиялық акцияға Риддер халқы да белсене қатысты. Бұл жолы кеншілер қаласындағы білім мекемелері сенбілікке шықты. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара жайлы әріптесім тарқатсын.

 «Киелі мекеннің» екінші апталығында Риддер қаласындағы білім беру мекемелері мектеп аумағын тазалады. Экологиялық акцияға мұғалімдер, мектеп оқушылары біркісідей атсалысты. Ұстаздардың айтуынша, тазалыққа бағытталған осындай жұмыстар оқушылардың экологиялық мәдениеті мен табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттырады.

Мектеп оқушыларыда «Таза Қазақстан» акциясын бірауыздан қолдайды. Себебі, еліміздің әр түкпірінде тазалық мәдениетін қалыптастырып, оны сақтау маңызды.

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық акциясына бар құлшыныстарымен кіріскен. Риддерліктер туған жердің гүлденуіне күн сайын үлес қосу үстінде.

Ал, білім ошағы жанындағы алаңқайға мектеп оқушыларымен бірге әкімдік өкілдері раушан гүлдерін отырғызды. Алдағы уақытта мұндағы шағын аллеяны ұлғайту жоспарланған.