Жаңа Бұқтырма кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігерлер бекітілген аумақтағы нысандарды жыл соңына дейін қолданысқа береміз деп отыр. Қолға алынған бастаманың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету маңызды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және сарапшылардан құралған топ құрылыс алаңына мониторинг жүргізіп қайтты.

Жаңа Бұқтырмадағы абаттандыру жұмыстары соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштен басталған. Мұнда қазіргі уақытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ал Абай көшесінде жылу құбырлары алмастырылып жатыр.

Жоба бойынша Абая көшесі жаңа кейіпке енеді. Себебі, бұл аумақ қоғамдық демалыс орнына айналады. Жаңа демалыс орнында тамақтану, балалардың ойын, спортпен айналысуға мүмкіндік беретін алаңдар ашу көзделген. Ал тәртіпті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылады.

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, ойын алаңын тұрғызуға сапалы материалдар қолданылмақ. Абаттандыру жұмыстарын қоғамдық кеңес өкілдері бақылауда ұстап отыр.

Қоғамдық кеңес мүшелері бекітілген кестеге сәйкес мониторинг жұмыстарын жүргізеді.