Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Серік Жеңісов белсенді жастармен кездесу өткізді. Кездесу аясында белсенділер өңірдің кәсіпкерлік, өнер, мәдениет саласын дамытуға арналған өздерінің ұсыныстарын айтты. Жастармен диалог еркін форматта өтті.

Жыл басынан бері Қоғамдық даму басқармасының өкілдері ШҚО аудандарының жастарымен бірқатар кездесулер өткізген. Жастардың айтары бір – өз идеяларын қаржылай қолдау, мемлекеттік рәсімдеу тетіктерін оңтайлы ету. Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Серік Жеңісов бұл ретте барынша қолдау көзделіп отырғанын айтты.

Көтерілген тақырыптар ішінде білім беру, экология, кәсіпкерлік сияқты көптеген сала бар. Түрлі бағыттың өкілдері өз ойларын ашық талқылау үшін ортаға салды. Соның ішінде Назерке Айдынова бар. Өнер өкілі жастардың бастамасымен ұйымдастырылып, түсірілген қойылым-фильм жайлы кең талқылады.

Жастар – елдің қозғаушы күші. Әсіресе, енді қала жастары ғана емес, ауыл жастарына аса көңіл бөлінбек. Ауылды жерлерде арнайы дебат клубтарын құру, өнер, даму орталықтарын ұйымдастыру ісі мықтап қолға алынбақ.