«Таза Қазақстан» экологиялық акция жалғасып жатыр. Бұл жолы Ұлан ауданында «Жасыл аймақ» атты сенбілік өтті. Шара аясында мектеп оқушылары, аудан еріктілері мен белсенділер төрт мыңнан астам көшет отырғызды.

Ұлан ауданында «Жасыл аймақ» экологиялық акциясына жиналғандардың қарасы қалың. Игі шара аясында аудан тұрғындары Қасым Қайсенов кетінің Райымжан Марсеков және Қасым Қайсенов орта мектептерінің маңайын абаттандырды. Аудан орталығында өткен шараға 500 ден астам азамат жиналды.

Сенбілікке аудан тұрғындары, волонтерлер жиналды.

Ал Райымжан Марсеков пен Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің оқушылары үнемі экологиялық шараларға белсенді түрде қатысып келеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысушылар бұл күні ағаш көшеттерін отырғызудан бөлек, аудан орталығын қоқыстан тазартты.