«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Глубокое ауданына қарасты Солнечное кентіндегі қарт және мүгедектігі бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сенбілік өтті. «Аманат» партиясы ШҚОФ жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері мекеме ауласын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Республикалық экологиялық акцияның үшінші аптасы айналаны көгалдандыруға, ағаш көшеттерін егуге арналған.Осы бағыт аясында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына «Аманат» партиясы ШҚОФ жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының отызға жуық еріктісі көмекке келді.

Еріктілер Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық гуманитарлық колледжінің студенттері. Олар мекеменің айналасын тазалап, қоқыстарды жинастырды. Гүлзарлар мен ағаш көшеттері үшін орын дайындады.

Қазіргі таңда орталық 120 қартқа қызмет көрсетіп отыр. Қариялар әлеуметтік және медициналық көмекпен толық қамтылған. Олар бос уақыта қызығушылықтарына орай әртүрлі шығармашылық үйірмелерге қатысады.