Аймақта сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Өскемендегі 25-ші шағын ауданға жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылды. Бұл бастама облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы мен қалалық әкімдіктің қолдауымен іске асты.

25 шағын ауданда 74 тұрғын бар. Мұндағы азаматтар ұялы байланыс пен интернет сапасының көңіл көншітпейтінін айтып, жауапты мамандардың табалдырығын сан мәрте тоздырған. Айтылған арыз бен шағым назардан тыс қалмай игі шешімін тапты. Атқарылған жұмыстарға тұрғындар жағы дән риза.

Мердігер компания қаладағы өзгеде шағын аудандарды жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту жұмыстарының жалғасатынын айтты.

Компания өкілдері интернет желісін тартуға біржарым-екі сағат кететінін айтады. Алдағы уақытта қаланың өзге аудандарын қоғам игілігіне қосу үшін қосыша шаралар қабылданбақ.