Өскеменде 19-22 қараша аралығында отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру, мултимодальды кеңесшілерді даярлау тақырыбында республикалық семинар отырысы өтуде. Жиын «Qoldau» қоғамдық қорынының бастамасымен жүзеге асты.
Семинар отырысына өңір мамандарынан бөлек, көршілес Абай, Павлодар облыстарынан келген қатысушылар да бар. Тренингтің мақсаты -тығырыққа тап болған отбасыларға көмек көрсетудің дағдыларын үйрету. Алдағы төрт күнде «Qoldau» ҚҚ мамандары қатысушыларға теориялық және практикалық сабақтар өткізбек.
Республика деңгейінде 49 отбасын қолдау орталықтарын ашу жоспарланған. Облыс аумағында бір орталық қызмет көрсетуде. Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта әр ауданда осындай орталықтарды көбейту керек.
Семинарға қатысушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне баса назар аударып, көмек қолын созуға баға жетпес тәжірибие аламыз деп отыр.
Мұндай оқыту семинарлары мамандар арасында тәжірибе мен білім алмасуға, отбасылар мен мобильді топтардың жұмысын оңтайландыруға сеп болмақ.