Өскеменде «Мейірім» акциясы өтті. Шара аясында Шемонаиха ауданының білім бөлімі мен «Үміт» арнаулы әлеуметтік-қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында орталықтағы 15 баланы әлеуметтік және патронаттық қолдау жұмыстары жүзеге асырылады.
Игі бастама бизнес-қоғамдастық пен шаруа қожалықтарының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жауапкершілік пен өзекті мәселені шешуде күш біріктірудің маңыздылығын көрсетеді. Дәстүрлі акция аясында Шемонаиха аудандық білім бөлімімен жалпы сомасы 9 млн. теңгеден астам әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Игі бастама алғаш рет 2011 жылы басталған. Бастаманың балаларға берері мол дейді «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры Майра Бейсеқанова.
Шара аясында балаларға жеміс-жидектер, тәттілер, сүт өнімдері мен азық-түлік себеттері табысталды.