Тақырыпты жалғастырамыз.«Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданының өнер ұжымдары қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараға жиналған жұрттың қарасы қалың. Мерекелік кешке арна тілшісі де барып қайтты.

Шарада өскемендіктердің назарына қолөнер шеберлері мен зергерлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар ұсынылды. Олардың ішінде Ақбауырдан табылған жәдігерлер бар. Жылыжай өнімдері де осында.

Облыстық филармония сахнасында өткен гала – концертте көрермендер жанды дауыста ән тыңдап, мерекелік көңіл-күйді сезінді. Кешке атақты бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы да келді.

Мерекелік кешке аудан әкімі Арман Бекбосынов та қатысты. Ол мұндай шаралардың ұлттық мәдениетімізді сақтау мен насихаттауда өзіндік рөлі бар екенін айтады.

Өңірге қарасты аудандардың тарихынан сыр шертетін жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақ.