15 қараша - ұлттық валюта күні. Атаулы күнге орай облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Теңге - тәуелсіздік символы» атты көрме ашылды. Келушілер назарына ұлттық валюта тарихы жайында ақпарат ұсынылды.

Биыл Ұлттық валютаға – 31 жыл. 1993 жылы қолданыла бастаған төл теңге осы уақыт аралығында нығайып, әлемдегі дизайн тұрғысынан ең әдемі әрі тұрақты валюталардың біріне айналды.

Көрмеге келген мектеп оқушылары ұлттық валюта — теңгенің тарихы мен оның қалыптасу кезеңдері туралы тың деректерге қанық болды. Көрме оқушылардың тек білімін кеңейтіп қана қоймай, патриоттық сезімін оятады,- дейді Елена Канлина.

Шараға жиналған оқушыларға теңге тарихы туралы қызықты деректер айтылды. Қала тұрғындарының мұражайға келіп, ұлттық валютамыздың тарихымен етене танысуға мүмкіндіктері бар.