Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай, Зайсан ауданының тұрғындармен кездесті. Кездесуде шекара маңыдағы елдімекендерді дамыту жайы сөз етілді. Биыл аудандардың әлеуметтік, экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар бастама іске асырқан. Халықпен кездесуде тағы қандай мәселе көтерілді? Әріптесім тарқатсын.
Тарбағатай ауданында қазіргі таңда 19 мыңға жуық халық тұрады. Ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, Тарбағатай ауданының бюджеті 7 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл қаржы елдімекеннің әлеуметтік, экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Ауданда туризм саласын дамытуға басымдық берілген. Ал оны іске асыру үшін Байтоғас көлінде жағажай салу жоспары бекітілді. Алдағы уақытта инвестор табылса, ауқымды жоба іске асырылмақ.
Кездесуде Тұғыл ауылының жұрты кезек күттірмейтін бірнеше мәселені жіпке тізіп берді. Айтуларынша, мұнда азық-түлік бағасы тұрақты емес, әрі дәрігер тапшылығы да бар дейді ашынған жұрт.
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов кездесуден соң тұрғындарды жеке қабылдап, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне тапсырма берді.
Тарбағатайда бұқаралық спортты дамыту жұмыстарының көші ілгері. Спорттық нысандарда жыл сайын ашылып жатыр.
Тарбағатай ауданына қарасты Тәуке ауылында 80 орындық қазақ мектебінің құрылысы толығымен аяқталды. Бұрынғы білім ошағының жағдайы көңіл көншітпейді. Ал жаңа мектеп заман талабына сай жарақтандырылып, балғындардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың сапары Зайсан ауданда жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары алдымен аудан халқыменде кездесті.
Кездесуден соң облыс әкімінің бірінші орынбасары аудандағы бірнеше нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 12 үй салынып жатыр. Баспаналар таяуда қолданысқа берілмек. Бұл пәтерлер көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға беріледі.
Зайсан ауданында өз кәсібін бастап, берекелі табыс көзін тапқандар жетерлік. Оның қатарында Ерлан Пұшпақов та бар. Азамат тоғыз жолдың торабында тұрған елді мекеннің артықшылығын пайдаланып, асхана ашқан. Еңбектенген адам жемісін көреді, дейді кәсіпкер.
Аудандарды дамытуға бағытталған жобалардың сәтті іске асуына жергілікті тұрғындар да өз үлесін қосып келеді. Әр бастама халықпен талқыланып, далпы мұқлдаудан өткен соң жүзеге асырылады.