Өскемендегі №4 қалалық аурухана жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Емханаға заманауи үлгідегі құралдарды өңірдегі кәсіпорынның бірі – «Казцинк» компаниясы сыйға тартты. Игі шараға әріптестерім де куә болып қайтты.
Ауруханаға замануи құрылғылардың көптеген түрлері жеткізілді. Жаңа медициналық жабдықтар диагностикалық сынақтар мен аз инвазивті операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
Бұл құрылғылар ақ халаттылардың уақытын анағұрлым үнемдейді. Әрі сапалы емнің жүргізілуі үшін аса қажет. Дәрігерлер құрылғылардың заман талабына сай екенін айтады.
Медициналық құрал –жабдықтарды сатып алуға қала тұрғындарының ұсынысы түрткі болған. Тұрғындар өткен жылы «Арман қала» әлеуметтік акциясы аясында өтініштерін берген.
«Қазцинк» компаниясы бұл құрылғыларды алуға 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастарды емдеуде жаңа медициналық құрал-жабдықтардың тигізер пайдасы зор. Емханаға жасалған жағдай медициналық қызметтің сапасын арттыруға жол ашады.