Өңірдегі тәртіп сақшылары «Аманат» партиясының өкілдерімен бірге Өскемендегі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді. Шара аясында мекеме әкімшілігі мен меймандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар да анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық демалыс орындары қызметіне бірқатар өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110-бабының 5-тармағына сәйкес, түнгі клуб, дәмханалар, қоғамдық орындар мен ойын-сауық орындарында тұтынуға тыйым салынған тауар түрлері белгіленген.
Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай орындарда шектеуді елемеген азаматқа 55 мың теңге, ал саудаға шағыарғандар 185 мың теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.
Облыстық ІІолиция Департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда профилактикалық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.