Өңір сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Ересектермен қатар, балалардыңда қауіпсіздік ережелерін білуі маңызды. Өскеменде құтқарушылар балабақшадағы бүлдіршіндерге жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережесін үйретіп, сейсмикалық жаттығу өткізді. Алғашқы дүмпу кезінде қауіпсіз орындарды қалай табуға болатынын «Тентек пен Ая» мультфильмі арқылы көрсетті.
Мультфильм кейіпкерлер жер сілкінісі кезінде қандай әрекет жасау керектігін балаларға түсінікті тілде баяндайды. Тәжірибелік сабақ барысында балалар 15 секунд ішінде қауіпсіз орындарды анықтауды үйренді.
Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар 2016 жылдан бері айына бір рет өтеді.
Балаларға ерте жастан қауіпсіздік ережелерін үйрету – болашақта қауіп-қатерлерді азайтуға ықпал етеді, дейді құтқарушылар.