Аймақта мал ауруларының саны төмендеген. Әсіресе, жұқпалы бруцеллез ауруын анықтау көрсеткіші азайып отыр. Бұл көрсеткішке алдын алу жұмыстарының арқасында жету мүмкін болды дейді жауапты сала мамандары. Ветеринарлық мекемелер қажетті материалдық-техникалық базамен қамтылған. Облыста эпизотикалық жағдай тұрақты.

Аймақта мал ауруларының алдын алуға бағытталған шаралар жемісті іске асырылуда. Биыл бес млн.ға жуық профилактикалық, 1 млн. 200 мың диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жылдық жоспар 98%-ға орындалды. Бұдан бөлек, облыста бруцеллезге қарсы 1,2 млн. сынама алу көзделген, жоспар 94%-ға іске асырылды.

Жыл басынан бері облыста жылқы мен ірі қара малы арасында аса қауіпті құтырық ауруының эпизотиялық қолайсыз төрт ошағы анықталған.

Алтай, Үлкен-Нарын аудандарында бекітілген шаралар легі ұйымдастырылды. Ал Тарбағатай ауданындағы Қарасу ауылында тіркелген эмкар ауруымен күрес жүргізіліп жатыр.

Ветеринарлар қызмет барысында «Torttulik» қосымшасын қолданады. Бұдан бөлек, "VET-MOBILE" мобильді қосымшасы іске қосылуда, ол құжат айналымын электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді.Аймақта мал ауруларының саны төмендеген. Әсіресе, жұқпалы бруцеллез ауруын анықтау көрсеткіші азайып отыр. Бұл көрсеткішке алдын алу жұмыстарының арқасында жету мүмкін болды дейді жауапты сала мамандары. Ветеринарлық мекемелер қажетті материалдық-техникалық базамен қамтылған. Облыста эпизотикалық жағдай тұрақты.