Облыста дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 қарашада облыстың батысында, солтүстігі және шығысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өскеменде қарлы боран соғады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Егер көлік қыста жүруге жарамсыз болса, алыс аймақтарға жол жүруден бас тарту қажет. Құтқарушылар жолға шыққанда өзіңізбен бірге отын қорын, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы мен жылы киім-кешек, азық-түлік алып жүруді ұсынады.