Аймақта қант диабетіне шалдыққандар қатары артқан. Қазіргі таңда 22 мыңнан астам азамат тіркеуде тұр. Ал оның 800-ден астамы бірінші типке жатататындар. Бұл санаттағылардың басым бөлігін жасөспірімдер құрайды.  Қант диабеті адам ағзасының көз, бүйрек, жүйке жүйесі, жүрек және қан жолдары тамырларының зақымдалуына әкеп соғады.
Дәрігерлер диабеттің екінші типі қауіпті дейді.Ал бірінші типімен көбіне балалар ауыратын көрінеді. Дегенмен, дертті анықтау қиын емес. Керісінше бұл дерттің екінші типі жылдар бойы ешқандай белгі бермей асқына береуі мүмкін. Науқастар қант диабетіне шалдыққанын қандайда бір операция алдында кездейсоқ біліп жатады,дейді ақ халаттылар. Сондықтан дәрігерге жиі барып, тексерістен өткен абзал, дейді медицина қызметкерлері.
Қанд диабеті тұқым қуалайтын ауру. Сондықтан жақын туысы осы дертпен ауыратындар міндетті түрде қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексертуі тиіс. Мамандардың айтуынша ең бастысы адам дұрыс тамақтанып қозғалыста жүрсе денсаулығы қалыпты болады.
Жалпы, қант диабетін алдын-алу үшін дұрыс тамақтанып, әрдайым спортпен шұғылдану қажет. Жүйке жүйесіне де салмақ түсірмеген абзал.