ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, тасымалдаушылар үшін қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілетіні туралы өңірлік комуникациялық қызметінде айтып берді. Жыл басынан бері басқарма 94 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді. Бұл өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік пен облысішілік, қалааралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау құқығына лицензия беру және тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 526 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Биыл бұл көрсеткіш 94-ке жетті. Сонымен қатар, мамандар өңірде автобус жүргізушілерінің айтарлықтай тапшылығы байқалатынын атап өтті.

Аталған саладағы мемлекеттік қызметтерді екі жолмен алуға болады. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен "Е-лицензиялау"веб-порталы. Көрсетілетін қызметтер мен лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет екендігі туралы барлық ақпарат ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында орналастырылған.