Күршім ауданында су басу қаупі басым елді-мекендерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы билік өкілдерінің толық бақылауында. Белгіленген кесте мен жоспарға сай жұмыс жүйелі жүргізілуде. Қазіргі уақытта бөгеттер биіктетіліп, арналар тазартылды.

Ауданда су басу қаупі бар деген елді мекендерде тиісті жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Күршім ауылдық округі бойынша Топтерек ауылында жағаларға бөгет қойылды. Бөгет 500 метрге дейін биіктетілді. Абай, Маралды ауылдық округтерінде де осы бағыттағы жұмыстар атқарылды.

Бұл уақытша қабылдау пунктері талапқа сай. Керек – жарақпен толық қамтылған.

Республикадағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Қазіргі кезде жоспарлы жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Күршім ауданы мен бірнеше ауданды облыс орталығымен байланыстырып тұрған көпір аудан экономикасының дамуына серпін береді. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда жұмыстың 85 пайызы аяқталды.

Бұдан бөлек, ауданда өрт қауіпті кезеңіне дайындық жұмысы талапқа сай. Барлық техника дайын.