Облыс орталығында елдегі әкімшілік құқықтың мәселесіне арналған ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сарапшылар шағын және орта бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғау, сот ісін жүргізу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу бойынша ұсыныстарын білдірді.

 «Әкімшілік құқықты дамытудың ағымдағы болмыстары: мәселелер және оны шешу жолдары» атты форумға еліміздің жетекші заңгер ғалымдары мен судьялары қатысты. Форумның мақсаты – ҚР әкімшілік құқықтағы жауапкершілік институтын енгізу және оны одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне сараптамалық талдау жасау.

Мамандар шағын кәсіпкерлікті қолдау мен кейбір экономикалық дауларды медиаторлардың көмегімен шешу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, сот ісін қарау мерзімін қысқарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу мерзімін ұзарту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Форум барысында ел азаматтарының құқықтарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ҚР әкімшілік-құқықтық заңнамасындағы бірқатар жаңартулар талқыланды.