Өскеменде дәстүрлі «Таза ойындар» акциясы басталды. Шараның мақсаты - қала аумағын қоқыстан тазарту. Қоршаған ортаны қорғауға шақыру. Экологиялық акцияны қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Өткен жылы шараға 200-ден астам азамат қатысып, 1 500 қап қоқыс шығарылған.

 «Таза ойындар»эко-сенбілігі осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Шараға облыс орталығының жастары жиналды. Акция қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтауға үндейді.

Ойын ережесіне сәйкес сенбілікке жиналғандар бірнеше топқа бөлінеді. Оларға айналаны тазартуға бір жарым сағат уақыт беріледі.Осы уақыт аралығында ең көп қоқыстан жинаған команда жеңімпаз атанады.

Сенбілікке жиналғандардың қарасы қалың. Қатысушылар арасында жас волонтер Айдана Алтайбекқызы да бар.

Биыл ұйымдастырылған шараға 6 құрама қатысты.