«Саябақтар маршы» – елдегі қорықтар мен ұлттық саябақтарды қолдау үшін ұйымдастырылатын халықаралық акция. Мақсаты – жас ұрпақты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы қоғамдық шараларға белсене ат салысуға баулу. Олардың бірі - «Осы жерде мен де, сен де өмір сүресің» атты бард әндердің фестивалі.

28 жылдан бері Риддерде «Саябақтар маршы» табиғатты қорғау акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сенбіліктер, көшет отырғызу, көрмелер ұйымдастырылады.

 «Осы жерде мен де, сен де өмір сүресің» атты бард әндер фестивалінің қатысушылары табиғат ананың нағыз жанашырлары. Олар бұл өлкеде серуендеп, табиғат сұлулығынан шабыт алып, оны авторлық туындыларында жырлайды.

Кеш соңында ұйымдастырушылар тұрғындарды «Саябақтар маршы» акциясына қатысуға шақырды.