Облыста көтемгі егіс жұмыстарына дайындақ басталды. Мәселен өткен жылы егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ауыл шаруашылығының дақылдарының егістігі 638,4 мың гектарды құраса, биыл 645 мың гектар. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде айтылды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2024-2028 жылдар аралығында екі есе арттыру бойынша бірқатар тапсырма берген еді. Соның аясында облыста Жол картасы бекітіліп, бірнеше жоспар алға қойылды.

Барлық тұқым материалы егіс жұмыстары басталғанға дейін сапалық көрсеткіштерге тексеріледі. «Қазагрэкс» деректері бойынша тексеруге 59,4 мың тонна дәнді дақыл тұқымы түскен. Барлығы 57,1 мың тонна тұқым қазіргі уақытта тексерілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың өзектілігін ескерсек, минералдық тыңайтқыштарды енгізудің маңызы орасан зор. Сондай-ақ, ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізу үшін облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге субсидия бөлу көзделген.