Қысқы маусымға өңірдегі автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында салалық басқарма өкілдері мәлімдеді. Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бес жарым мың шақырымға жуық.Оның 1 238 киллометрі – республикалық, 1 587-і шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар. Ал 2 500 киллометрге жуығы – аудандық.
Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға «ҚАЖСервис» ЖШС жауапты, ал облыстық жолдарды «ОблШығысЖол» ЖШС қызметкерлері бақылауда ұстайды. Аудандық жолдардың жай-күйін жергілікті мекемелер қадағалайды.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС облыстық маңызы бар жолдардың 957 шақырымын қадағалайды.Мекеме өкілдері қысқы маусымға дайындық жұмыстары аяқталғанын айтады. Жолаушылар үшін арнайы жылыту пунктеріде әзірленген.
Апат айтып келмейді. Сондықтан алдын алу шараларын жүргізу маңызды. Аймақтағы қар қалың түсетін аудандарды қажетті техникамен қамту әрі оның санын арттыру мақсатында кәсіпкерлермен келіссөз жүрігізіліп жатыр.
Биыл өңірде бірінші қарашадан тәулік бойы жолдардың жағдайын бақылауда ұстап, ауа райы жайында ТЖД және ПД өкілдеріне ақпарат жолдайтын диспетчерлік орталық іске қосылды. Мамандар дауылды ескерту жөніндегі хабарламаларды назардан тыс қалдырмау керектігін айтады. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райында барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады.