Бұл көрме нағыз балалар ойыншықтарының патшалығы іспеттес. Қоғадан өрілген әтеш, жылқы, шабандоздар және, ағаш пен матадан сондай-ақ, папье-маше техникасымен жасалған сан түрлі мультфильм кейіпкерлері көздің жауын алады. Көрмеге қойылған туындылардың дені сәндік-қолданбалы өнер шебері Татьяна Перетокинаның қолынан шыққан. Ол матадан және папье-маше тәсілін пайдалану арқылы қуыршақтар жасайды. Көрмеде, сонымен қатар, тастан жасалған ерекше ойыншықтар да бар.