Өңірде әйелдерге арналған форум өтті. «Re.Women» – бұл «Respublica» партиясы жанынан құрылған, іскер және белсенді әйелдерді біріктіретін жаңа форматтағы қауымдастық. «Әйел және қоғам: жаңа мүмкіндіктер уақыты» деп аталған жиын осымен еліміздің бесінші аймағында ұйымдастырылуда. Жарты жыл ішінде Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында өткен форум жыл соңына дейін әр өңірде жалғасын таппақ.
Форумға мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова да қатысты. Депутат өңірдегі әйелдер қауымының ең өзекті мәселесін тыңдап, бірге шешу жолдарын талқылау мақсатында арнайы келгенін тілге тиек етті.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
ШҚО мен өзімнің алып жүрген, мәжілісте көтеріп жүрген тақырыптарым аясында өте стратегиялық аймақ. Мен негізі қазіргі таңда қазақстандағы туризм, әлеуметтік кәсіпкерлік, инклюзия сұрақтары, білім беру, балалар қауіпсіздігі сұрақтарын көтеріп, осы бағыттарда жұмыс жасап жүрмін. Сапардың ішінде мына әйел қауымдастығымен біздің республика партиясының қасында құрылған Re Women әйелдер қауымдастығы ерекше орын алады. Адами капиталды, жас таланттарды, соның ішінде әйел қауымдастығын дамыту – біздің ең негізгі бағыттардың бірі.
Бүгінде қауымдастық құрамында 1500-ден астам әйел бар. Бұрымдыларды біріктірудегі мақсат – іскер жандар мен көпбалалы аналарды қолдау.
Айдана Тоғызбаева, «Respublica» партиясы орталық аппараты басшысының кеңесшісі:
Ең басты мақсат – әйелдерге көмектесу. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. Себебі әр әйелге мүкіншілік беру. Ары қарай жұмыс жасап, кәсібін ашу деген сияқты. Әрине білім. Барлығына білім қажет. Көп сала бойынша білу, қазіргі таңда әйелдер қалай дамиды, қандай даму үшін қандай қызметті қолдау деген сияқты білм беріледі. Және депутаттардың қандай мүмкіншілігі бар, қандай заңнама қолданылып жатыр. Сол сияқты мәліметтер беріледі.
Әлия Көңілхан, Облыстық «Re.woman» қауымдастығының төрайымы:
«Re.Women» - қазір үлкен қозғалыс болып жатыр. Тек қана шынымен айттыңыздар шығыста емес, бүкіл Қазақстан бойынша толқын дедім ғой әйелдер толқыны басталды. Жалпы бұл әйелдерді ояту, қозғаушы индикатор.
Форумда қонақтар мен қатысушылар еркін түрде пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Партия мүшелері қауымдастықтың қатары алдағы уақытта да арта беретініне сенімді.
Дидар Ерболатқызы