Облыс орталығында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Жергілікті полиция қызметкерлері түнгі ойын-сауық  мекемелерін тексеріп, ата-ана қарауынсыз жүрген балалардың бар-жоғын анықтады.
«Жасөспірім» жедел алдын алу шарасының мақсаты — кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүруін болдырмау.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
 «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін заңды өкілдердің сүйемелдеуінсіз әкімшілік жауапкершілікке 30 заңды өкіл, алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 2 заңды өкіл тартылды. 2 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 3 кәмелетке толмаған және 4 тұрмысы нашар отбасылар профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында кәмелетке толмағандарға пәтер беру тұрғысында жалдамалы пәтер иелерімен әңгіме жүргізілді.